Астанада жыл басынан бері 10 895 пәтер пайдалануға берілген - Нұрлы жол|02 Қазан 2015, 11:33
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада жыл басынан бері 10 895 пәтер пайдалануға берілген

Астана. 2 қазан. Baq.kz – Астанада жыл басынан бері 1,198 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілген. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Астана әкімінің орынбасары Сергей Хорошун мәлімдеді.

С.Хорошунның мәліметінше, бүгінде Астана қаласының тұрғын үй қоры 18,4 млн шаршы метрге жеткен. Бұл ретте қала әкімінің орынбасары астана көшірілген уақыттан бері елорданың тұрғын үй қоры 14 млн шаршы метрге өскенін атап өтті.

"Биылғы жылдың шілде айынан қаланың тұрғын үй қоры 300 мың шаршы метрге артты. Барлығы жыл басынан бері 1 млн 198 мың шаршы метр үй пайдалануға берілді. Бұл 10 мың 895 пәтер, өткен жылғы көрсеткіштен 74 пайызға артық", - деп хабарлады ол.

Оның сөзінше, осы уақытта қанатқақты жоба аясында 29 апаттық тұрғын үй кешені бұзылып, қаламыздың тұрғындары 328 пәтерді тегін алған.

"Қолжетімді баспана -2020" бағдарламасы аясында жыл басынан бері 228 мың шаршы метр баспана тапсырылды", - деп толықтырды ол. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер