Астана әуежайы тұрақ орындарын 850-ге дейін ұлғайтады - Нұрлы жол|30 Мамыр 2017, 18:04
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астана әуежайы тұрақ орындарын 850-ге дейін ұлғайтады

Елорда әуежайы көлік қоятын тұрақ аумағын едәуір кеңейтті. Әуежайда тұрғызылып жатқан жаңа терминал жанында қосымша тұрақ салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл жерге заманауи құрылғылар орнатылады, ал автокөліктерді қою уақытын компьютер белгілейді, деп хабарлайды Baq.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл жұмыстардың барлығы, алдымен, «ЭКСПО» көрмесіне келетін қонақтарға қолайлы болуы үшін жүргізіліп жатқанын айтты, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ сервистік қызмет басшысы Әнуар Ахмет қала әкімдігінің медиа-орталығы тілшісіне берген сұхбатында.

«Әуежайдағы вокзал маңын қайта құру және жаңа жолаушылар терминалын салу жұмыстары басталмай тұрғанда, 351 тұрақ орны болған. Аталған жұмыстар аяқталған соң көлік қоятын орын саны 850-ге дейін ұлғайтылады», - деді Ә.Ахмет.

Астана әуежайындағы жаңа терминал мен вокзал маңындағы құрылыс сәуір айының аяғында басталды. Қазіргі уақытта жұмыс аяқталуға жақын – асфальт төселіп, жолақтар салынып жатыр, сондай-ақ, ең жоғары сапалы стандарттарға сай жол белгілері мен құрылғылар орнатылуда.

«Жаңа тұрақтың құрылғылары SKIDATA компаниясынан. Бұл еуропалық стандарт. Төлемдердің көбі банкинг, карта, интернет арқылы жүргізіледі. Жүйені орнату және жаңа құрылғыларды жөндеу жұмыстарын жақын арада толық аяқтаймыз», - деді елорда әуежайының өкілі.

Оның айтуынша, вокзал маңын қайта құру жұмыстары аяқталған соң өткізу пунктері үш есеге дейін ұлғаймақ. «ЭКСПО» көрмесіне келетін қонақтардың ыңғайлығы үшін қадым жерлерде ресми таксилер тұрады. Олар үшін әуежай алдында арнайы орындар қарастырылған. Мұндай таксилердің барлығына «Friendly taxi» бірыңғай кіріктірілген жүйе орнатылады, сол арқылы «ЭКСПО» туристері үшін тілдік кедергі мәселесі жойылмақ.

«Вокзал маңын қайта құру жұмыстары басталмай тұрып, мұнда 10 кіріп-шығатын жол мен шлагбаум болған, яғни кіретін 4, шығатын 6 жол, ал қазір 30 өткізу пункті бар. Олар – 18 кіретін, 12 шығатын пунктер», - деп түсіндірді Астана халықаралық әуежайының сервистік қызмет басшысы.

Жаңа көлік қоятын орында тәулік бойы кезекпен 35 адам жұмыс істейді. Құрылыс жұмыстарына 300-ге жуық адам, 10 КАМАЗ, арнайы техникалар мен асфальт төсегіш көліктер тартылды.

Осыған дейін қала әкімдігінің медиа-орталығы Астана әуежайындағы жаңа терминал маусым айының басында ашылатынын хабарлаған болатын. Жоба «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында жүзеге асуда әрі әуе айлағындағы өткізу қабілетін 2,5 есеге дейін ұлғайтып, «ЭКСПО» көрмесі кезінде жолаушылар сұранысын қанағаттандыру үшін жүргізіліп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер