Астана әкімі салынып жатқан білім беру және денсаулық сақтау нысандарын аралады - Нұрлы жол|08 Қыркүйек 2015, 17:27
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астана әкімі салынып жатқан білім беру және денсаулық сақтау нысандарын аралады

Астана. 8 қыркүйек. Baq.kz – Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков салынып жатқан білім беру және денсаулық сақтау нысандарын аралады. Жыл соңына дейін «Есіл» ауданында 200 орындық балабақша іске қосылады. Нысан жаңа тұрғын ауданында орналасқан. Сондай-ақ, елорда әкімі № 26, № 37, № 38 және Хусейн бен Талал көшесінде салынып жатқан 1200 орындық мектепке барды. Бұл мектеп өте қолайлы жерде орналасқан. Жаңа білім ордасы жыл соңында пайдалануға беріледі.  

Білім беру мекемелерінен бөлек, елорда басшысы денсаулық сақтау саласындағы нысандармен де танысты. Атап айтқанда, Қабанбай батыр даңғылы мен №30 көшенің қиылысында 250 орындық қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы, Теміржолшылар тұрғын алабында орналасқан 500 орындық туберкулезге қарсы диспансер, сонымен бірге бір ауысымда 150 келушіні қабылдауға арналған 250 орындық медициналық-санитарлық оңалту орталығы іске қосылмақ.

Жаңа нысандарды тапсыруға орай, қала әкімі Астанада туберкулез ауруына шалдығу жағдайларының төмен екендігі байқалатынын атап өтті. Ә. Жақсыбеков жиналыс барысында инфрақұрылымға қатысты мәселелерге, жаңа нысандарға апаратын жолдарға, жаңа білім беру және медициналық мекемелердің кәсіби кадрларына тоқталды. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер