Астана әкімдігі Президенттің Жолдауын жүзеге асыру бойынша кешенді жұмыс жүргізді - Нұрлы жол|26 Қараша 2014, 12:26
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астана әкімдігі Президенттің Жолдауын жүзеге асыру бойынша кешенді жұмыс жүргізді

Астана. 26 қараша. Baq.kz – Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге және нығайтуға, қоғамдық бірлестіктермен және БАҚ-пен конструктивті өзара іс-қимылдарды күшейтуге бағытталған жұмыстарды, сонымен қатар, елордада болып жатқан қоғамдық-саяси үдерістер мен олардың даму қарқынын зерттеуді, жалпылау мен талдауды қолға алды. 

Жолдау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында қалалық әкімдікте бірқатар шаралар мен кездесулер өткізілді.

Астана қаласының әкімдігінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауының негізгі ережелерін талқылау бойынша қалалық актив отырысы өтті. Бұдан басқа, Астана қаласының Тұрғын үй инспекциясы басқармасы мен «Өркен қала» ЖШС қызметкерлерінің Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау бойынша жиналысы ұйымдастырылды. Келесі күні Жолдаудың негізгі басымдықтарын түсіндіру бойынша республикалық кеңес өткізілгеннен кейін Астана қаласы әкімдігінің ғимаратында қалалық бөлімшелердің басшыларымен Елбасы Жолдауының негізгі ережелерін тұрғындарға түсіндіру мәселесі бойынша отырыс болды. Отырыс қорытындысы бйоынша стратегиялық құжатта айтылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша нақты тапсырмалар белгіленген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер