Алматыдағы көлік базарының орнына әлеуметтік нысандар салынады - Нұрлы жол|08 Қазан 2015, 09:19
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыдағы көлік базарының орнына әлеуметтік нысандар салынады

Астана. 8 қазан. Baq.kz – Алматыдағы «Баян-Ауыл» ескі көлік базарының орнына әлеуметтік нысандар бой көтереді. Атап айтқанда, мектеп, балабақша, емхана, көпқабатты тұрғын үй және өрт сөндіру депосы. Қала әкімі Бауыржан Байбек Әуезов ауданын аралап, аталған базардың орнында жүріп жатқан жобалау жұмыстарымен танысып қайтты. 

Айта кету керек, аталған нысандар мемлекеттік-жекеменшік серіктестік принципінің негізінде, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бой көтеретін болады. Жалпы, бұл шаһардағы мұндай алғашқы тәжірибе емес. Бұған дейін де кәсіпкерлердің қолдауымен әлеуметтік нысандар бой көтерген. Мәселен, жақын күндері Алматыда кроссфит технологиясы негізінде 50 әлеуметтік спорт алаңқайлары пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, "Стрит-Воркаут" алаңы, 15 бабалар және 16спорттық аулалар да тұрғындар игілігі үшін ашылатын болады. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер