Алматыда жоспарланған жолайрықтар әзірге салынбайтын болды - Нұрлы жол|16 Қазан 2015, 10:27
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыда жоспарланған жолайрықтар әзірге салынбайтын болды

Астана. 16 қазан. Baq.kz – Алматы қалалық Автомобиль жолдары басқармасының мамандары хабарлағандай, қазіргі таңда Емцов — Рысқұлов, Сейфуллин — Жансүгіров және Әл-Фараби — Ремизовка көшелерінің қиылыстарында салынатын жолайрықтардың жоба-сметалық құжаттары әзірленген. Алайда, құрылыс жоспарланған уақытта жүргізілмейтін болды деп хабарлайды Kolesa.kz порталы.

"Алдағы 2-3 жылда жолайрықтардың құрылысы жүргізілмейді. Себебі, бюджетте бұл жоспарды жүзеге асыруға қаражат жоқ" делінген аталған хабарламада.

Қала басшыларының айтуынша, Солтүстік айналма жолынан төмен Бөкейханов көшесіне қарай баратын жолды кеңейту жұмыстарына да қаражат жетпейді. Сол себептен бұл жоба да кейін жүзеге асырылатын болады. Ал, қазіргі таңда құрылысы басталып кеткен "төменгі барахолка" маңындағы жолайрық қана салынып жатыр.

Сондай-ақ, әкімдіктегілер Төле би көшесінен Шығыс айналма жолына шығатын жаңа жолды да тек 2016 жылы пайдалануға беретіндігін мәлімдеді. Бұған дейін бұл жоба 2015 жылдың желтоқсан айына жоспарланған болатын. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер