Алматы облысында жаңа мектептер пайдалануға берілді - Нұрлы жол|01 Қыркүйек 2015, 09:31
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматы облысында жаңа мектептер пайдалануға берілді

Астана. 1 қыркүйек. Baq.kz – Алматы облысы Жамбыл ауданы Еңбекшіарал ауылында 280 орындық мектеп пайдалануға берілді, - деп хабарлайды Baq.kz Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бұл - жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы облысында оқушыларға есігін айқара ашып отырған екінші жаңа мектеп. Бұған дейін Талғар ауданы Бесағаш ауылында 600 орындық білім ордасы 24 тамызда берілген болатын. Бүгін, яғни  1 қыркүйек күні өңірде тағы да жаңа 13 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Одан басқа 4 мектеп жаңа жылға дейін қолданысқа берілмек.

 

ФОТО: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер