Алматы облысында «БЖК – 2020» бағдарламасы бойынша 168 жоба жүзеге асырылды – А.Баталов - Нұрлы жол|02 Желтоқсан 2015, 16:42
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматы облысында «БЖК – 2020» бағдарламасы бойынша 168 жоба жүзеге асырылды – А.Баталов

Астана 2 желтоқсан. Baq.kz - Алматы облысында 2015 жылы «Бизнестiң жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 3,8 млрд. теңгеге 168 жоба жүзеге асырылған. Бұл жөнiнде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысының әкiмi Амандық Баталов мәлiмдедi.  

«Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттiк бағдарламасы аясында облыста 290 млрд. теңгеге 53 жоба жүзеге асырылып, 7636 жұмыс орны құрылды. Сонымен қатар, 125,4 млрд. теңгеге өнiм шығарылды. Бұл жылы олардың өндiрiстiң жалпы көлемiндегi үлесi 7,6%-ды құрады», – дедi әкiм.

Облыс әкiмi облыста шағын және орта бизнес субъектiлерiн қолдау аясындағы жұмыстар да белсендi жүргiзiлiп жатқанын айтты.
«Шағын және орта бизнестi қалпына келтiруге бөлiнге қаражат үлкен септiгiн тигiзiп жатыр. Несиелеу көлемi жалпы 41 млрд. теңгенi құрады бұл 3 мыңнан астамжұмыс орнын құруға және сақтап қалуға ықпал еттi. "Бизнестiң жол картасы - 2020" бағдарламасы бойынша 3,8 млрд. теңгеге 168 жоба жүзеге асырылса, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бойынша 609 азаматқа шағын несие берiлдi», - дедi А.Баталов.

Сонымен қатар, баспасөз мәслихатында мәлiм болғандай, өткен жылы бұл сома бар болғаны 300 млн. теңгенi құраған.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер