Алматы әуежайының аумағын ұлғайту қажет - Т.Дүйсенғалиев - Нұрлы жол|21 Қазан 2015, 11:47
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматы әуежайының аумағын ұлғайту қажет - Т.Дүйсенғалиев

Астана. 21 қазан. Baq.kz - Алматы әуежайының аумағын ұлғайту қажет. Бұл жөнiнде бүгiн Астанада Қазақстан әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетудi жеңiлдету бойынша IATA конференциясында Алматы қаласы Туризмдi басқару бөлiмi басшысының мiндетiн атқарушы Тимур Дүйсенғалиев мәлiмдедi.

«Алматы әуежайының басты проблемасы - оның аумағы үлкен емес, бiрақ өз жағдайы бойынша Қазақстанның басты хабы ретiнде сәйкес келмейдi. Бұл жағдайды өзгерту қажет. Бүгiнде осы мәселе әкiмдiктiң, әуежай басшылығының алдына қойылды. Жақын уақытта қандай да бiр өзгерiстер орын алуы керек. Әуежайдың сыйымдылық кеңiстiгiн ұлғайту қажет. Мысалы, халықаралық ұшулар залы. Ол өте кiшкентай. Екi рейс азаматтары отырса болды, iшiнде дем алатын ауа жоқ болады. Сондықтан, көлемiн ұлғайту керек. Мұнда мәселе жүк сақтауға арналған үлкен камералар ұйымдастыруда, мобильдiк топтар, мүгедектерге арналған ыңғайлы орындар мен жабдықтарды орнатуда болып отыр. Әрине, қала мен әуежай арасындағы қашықтықты жылдам игеруге ықпал ететiн инфрақұрылымды да реттеу қажет», - дедi ол.

Т.Дүйсенғалиев Алматы әуежайындағы қымбат бағалар мәселесiн шешу күрделi екенiн айтты. Қоғамдық тамақтаны орындарының бiрнеше иесi бар болғандықтан, әуежай басшылығы ондағы бағаларға ықпал ете алмайды. Әйткенмен, әуежай басшылығы бұл азаматтарға жақын уақытта бағаларды арзандатпаса, онда әуежайда жолаушылар үшiн су, жеңiл тамақ, ыстық сусынды қолжетiмдi бағамен ұсынатын вендингтiк аппараттар қоюға мәжбүр екенiн мәлiмдеген.

«Астана әуежайы оның «қалташаларының» көптiгiмен қолайлы. Стандарт бойынша әуежайға келген жолаушы ғимаратқа автобуспен емес, трап арқылы емес, телескоптық «қалташалар» арқылы кiргенi дұрыс. Астанада жолаушыларды қалаға жеткiзу логистикасы әлдеқайда ыңғайлы, такси қызметi, рейстiк және экспресс автобустар жақсы ұйымдастырылған. Олар қолжетiдi бағада азаматтарды әуежайдан қала орталығына, бекетке дейiн аз уақытта жеткiзе алады», - деп өз бағасын бердi Т.Дүйсенғалиев.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер