Астана. 21 қараша. Baq.kz – Алматыдан Астанаға бет түзеген жолаушылар 1-санатты тас жолмен қатынайтын болады. Қос қаланы байланыстыратын торап 4 жолақты болмақ. Бұл туралы бүгін «ҚазАвтожол» Ұлттық компаниясы басқарма төрғасының орынбасары Ұлан Әліпов құлағдар етті.
Бағыттың ұзындығы 1 мың 300 шақырымды құрайды. Мәлім болғандай, қазір Астана-Теміртау және Алматы-Қапшағай учаскелерінде жұмыстар жүргізілуде. Ұлан Әліповтың айтуынша, Теміртауға дейін бетонды болып, ары қарай асфальтбетонды жол төселеді. Қапшағай-Алматы тас жолы цементті әрі бетонды болмақ. Айта кетейiк, 2020 жылға дейін Қазақстанда 7 жарым мың шақырым республикалық жолдар салынады және қайта жөнделеді. Онда шамамен 200 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!