Алдағы 3 жылда 10 000 маман дайындықтан өтеді - Нұрлы жол|24 Қараша 2014, 11:30
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Алдағы 3 жылда 10 000 маман дайындықтан өтеді

Астана. 24 қараша. Baq.kz – Алдағы 3 жылда "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" атты жаңа экономикалық саясаттың аясында 10 мыңнан астам маман дайындықтан өтеді. Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Тахир Балықбаев мәлімдеді. 

- Біз жүргізген зерттеулер бойынша алдағы 3 жылда 10 мыңнан астам маманды дайындау қажеттілігі туып отыр. Сол себепті алдағы оқу жылынан бастап осы мамандарды дайындауды бастаймыз. Осыған байланысты қазір бұл мамандарды бағдарлық магистратура деңгейі бойынша дайындау туралы ұсыныс қарастырылып жатыр, - деген Т.Балықбаев оның себебін кадрларды магистратура бойынша дайындау бакалаврға қарағанда тиімді екендігімен түсіндірді.

 

Сонымен қатар, вице-министр 14 индустриялық бағдарламалар мен жобалар бойынша өндірісті жоғары білімді кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында карта əзірленгенін атап өтті. Ол карта негізінен сирек металдар, геологиялық зерттеу, автокөлік жəне автокөлік құрылысының өндірісі, темір жол техникасының өндірісі, мұнай-газ химиясы, электр құралдары сында тағыда басқа маңызды салаларды қамтиды. 

 

 

А.РАКИШЕВА, Ғ.МАДАЛИЕВ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер