Алдағы 2 жылда «Нұрлы жол» 200 мың адамды жұмыспен қамтиды - Нұрлы жол|15 Ақпан 2016, 17:41
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алдағы 2 жылда «Нұрлы жол» 200 мың адамды жұмыспен қамтиды

Астана. 15 ақпан. Baq.kz – Биыл «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында автокөлік жолдары жобаларын іске асыруға 100 мыңнан аса адам тартылады. Ал 2017-2019 жылдары барлық жобаларды қосқанда шамамен 200 мың жұмыс орны құрылады.  

Сонымен бірге жобаларды жүзеге асыруға цемент, битум, инертті материалдар және темірбетон өнімдерін шығаратын барлық отандық өндіріс орындары тартылады.

2016 жылы Батыс Еуропа – Батыс Қытай көлік дәлізінде, Бейнеу – Шетпе, Астана – Теміртау, Алматы – Қапшағай, Қапшағай – Талдықорған учаскелерінде қозғалыс толық ашылып, Ертіс өзенінің үстінен салынатын көпірдің құрылысы толық аяқталады. Барлық жобалардың ұзындығы 1 мың шақырым.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында хаб-қалаларды сәуле сияқты тарайтын сапалы және тиімді көліктік жолдармен байланыстыру үшін 11 автокөлік жолдары жобаларын жүзеге асыру көзделген. 7 мың км. автокөлік жолы І және ІІ техникалық санатқа көшеді.

Айта кетейік, өткен жылғы жұмыстар 8 жоба бойынша жүргізілді: Батыс Еуропа – Батыс Қытай, Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Орталық-Батыс, Алматы-Өскемен, Астана-Петропавл, Ақтөбе-Атырау, Орал-Каменка. Жол-құрылыс жұмыстары 2 мың км. қамтыды. Жобаларды жүзеге асыруға 72 мың адам тартылды.

Жалпы 2015 жылы І және ІІ техникалық санаттағы 456 км. жол салынып, қайта жөнделді. Батыс Еуропа-Батыс Қытай жобасының 144 шақырымында, Орталық-Оңтүстіктің – 62 км, Орталық-Шығыстың -100 км және Орталық-Батыстың – 52 шақырымында жұмыстар аяқталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер