«Ақтөбе-Орск» тас жолының құрылысын депутаттар бақылады - Нұрлы жол|13 Шілде 2017, 13:48
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«Ақтөбе-Орск» тас жолының құрылысын депутаттар бақылады

Ақтөбеде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Ақтөбе-Орск» тас жолы салынып жатыр. Бүгін автомобилль жолының құрылысымен Мәжіліс депутаттары танысты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Ақтөбе-Орск» тас жолы былтыр басталды, жол құрылысының 4 шақырымы аяқталуға жақын. Қиыршық тастар төгіліп, 3 шақырымына асфальт жабындысы төселген. Былтыр бөлінген 300 млн теңге түгелімен игерілген. Ал биыл жол салуға 950 млн теңге қаражат бөлінген.

«Құрылыс сапасы үнемі бақылауда. Бұл жолдың бойына екі көпір түседі. Бірінің құрылысы аяқталды», - дейдіАқтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Аязбай Османғалиев.

Қала сыртындағы жолдың жабылғанына 2 айға жуықтады. Ескі асфальт біртіндеп салынып жатыр. Көліктер қара жолмен қатынап жүр. Тас жолдың құрылысын бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Глеб Щегельский, Асылбек Смағұлов пен Құралай Қарекен қарады. Депутаттар жолдың сапасына аса назар аударды.

«Құрылыс мамандарының айтуынша, жол сапасы жоғары. Біз үнемі бақылап отырамыз. Жолдардың салынуы, сапасы қандай, уақытында үлгеріп жатыр ма? Осым мәселелерді қарауға келдік. «Ақтөбе-Орск» тас жолының салыну қарқыны жақсы»,-деді депутат Асылбек Смағұлов.

8 шақырымдық автомобиль жолының биыл 6,5 шақырымы салынады.

Фото: автор


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер