Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 60 үй бой көтереді - Нұрлы жол|30 Наурыз 2017, 16:50
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 60 үй бой көтереді

Фото: автор

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Ақтөбеге жұмыс сапарында Үй құрылыс комбинатын аралап, жұмысымен танысты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Өткен жылдың соңында жұмысын бастаған компания қазір «Нұр Ақтөбе» ауданында шағын қабатты несиелік тұрғын үйлер салумен айналысып жатыр. Тұрғын үй құрылысы осы айда басталған. 2017-2018 жылдары өңірде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 3 қабатты 60 үй бой көтеретін болады.

«Жоба ерекшелігі – үйлердің тез тұрғызылатындығында. Мақсатымыз – халықтың тұрғын үйге тез қол жеткізуін қамтамасыз ету. Үйдің бір қабатына 6-7 панель пайдаланамыз. Ал қабырғасы 3-4 күнде көтеріледі. Іргетасы цементтен құйылады. Ал, үйлерді әрлеудің қажеті жоқ. Себебі, панельдері сыланбайды», - дейді «Үй құрылыс комбинаты» ЖШС директоры Дәулет Әлиев.

Инвестициялық жоба құны – 2,6 млрд.теңге. Өндірісте «WECKENMANN» неміс компаниясының жабдықтары пайдаланылады. Құрылысқа қолданылатын шикізаттың 80 пайызы жергілікті өнім.

«Құрылыс үшін Ақтөбеде барлық жағдай жасалған. Бетон жасау үшін таза ауызсуды пайдаланамыз. Арнайы зертханамыз бар. Кірпіш, қиыршық тас пен құм өзімізден. Цемент пен металды Ресейден алдыртамыз», - дейді Дәулет Әлиев.

Маманның айтуынша, жаңадан салынып жатқан панельді үйлер төзімді. 100 жылға дейін шыдайды. Ал, шағын қабатты тұрғын үйлер өңірдегі 2500 отбасыны баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер