Ақтөбеде балаларға арналған спорт клубы ашылды - Нұрлы жол|20 Наурыз 2016, 07:16
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақтөбеде балаларға арналған спорт клубы ашылды

Астана. 20 наурыз. Baq.kz - Ақтөбе қаласында балаларға арналған спорт клубының ашылу салтанаты өтті. Клуб Ақтөбе қаласының белсенді дамып жатқан бөлігі - Батыс-2 шағын ауданында орналасқан, деп хабарлайды Baq.kz. 

«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында операторлардың бірі бола отырып, сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйлерді салу/сатып алуды қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, Компания ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін Батыс-2 шағынауданында орналасқан үйден жалпы ауданы 17 394,1 ш.м. болатын 262 пәтерді сатып алды.

Пәтерлер таза әрленген, сантехникалық құралдармен және ас үйге арналған плиталармен «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында Ақтөбе облысындағы ЖАО-да кезекте тұрғандарға берілген.

Батыс-2 шағынауданында тұруға жайлы жағдайлар жасау үшін құрылыс салушы - «Соллерс» ЖШС компаниясының қатысуы арқылы жергілікті атқарушы органдарымен аймақты абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді: кіре беріс жолдар асфальтталды, автобус аялдамалары орнатылды. Сонымен қатар «Соллерс» ЖШС мемлекеттік-жеке серіктестік (МЖС) аясында балаларға арналған спорт клубын ашу үшін көлемі 400 ш.м. үй- жайды Ақтөбе қаласына ақысыз берді. Осылайша, Өңірлерді дамыту бағдарламасын ойдағыдай жүзеге асыру барысында тек қана ЖАО-да кезекте тұрғандарға пәтер беру ғана емес қазақстандықтардың жайлы өмір сүруі үшін жағдай жасаудың жақсы үлгісі көрсетілді. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер