Ақтөбеде 216 жас отбасы жалдамалы пәтерге ие болды - Нұрлы жол|17 Шілде 2015, 11:31
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақтөбеде 216 жас отбасы жалдамалы пәтерге ие болды

АҚТӨБЕ. 17 шілде. Baq.kz - Ақтөбеде «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша 216 жас отбасы жалдамалы пәтерге ие болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

 

Ақтөбе қаласындағы №8 орта мектептің мәжіліс залында тұрғын үй комиссиясы жұртшылық алдында жеребе ұйымдастырып, пәтер иелерін анықтады. Бұл пәтерлердің 104-і – 1 бөлмелі, қалғаны – 2 бөлмелі пәтерлер. Жалдамалы пәтерге ие болатындарды Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Қуантқан Әлімов құттықтап, оларға ақ тілегін жеткізді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының шапағатына бөленген жастардың баспаналары дайын. Былтыр желтоқсан айында «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында 9 қабатты 216 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталған болатын. Биыл көп қабатты үйдің инженерлік жүйелері тартылды. Қазір көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар бір-екі аптаның ішінде аяқталады. Содан соң жастарға пәтерлерінің кілттері салтанатты түрде тапсырылады. Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тұрғын үй қорын есепке алу секторының меңгерушісі Жанаргүл Дүйсекенованың айтуынша, жас отбасылардан құжаттар былтыр жазда қабылданған көрінеді. Конкурсқа қатысуға 921 жас өтініш білдірген «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының облыстық филиалы ең жоғары балл жинаған 216 үміткердің төлем қабілетін растаған. Міне, енді олар таяу күндерде қоныс тойларын тойлайтын болады.

 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер