Ақтөбе облысы «Орталық-Батыс» жобасын жүзеге асыруға кіріседі - Нұрлы жол|05 Сәуір 2016, 15:17
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақтөбе облысы «Орталық-Батыс» жобасын жүзеге асыруға кіріседі

Астана. 5 сәуір. Baq.kz - Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев хабарлады. Айта кетейік, облыс басшысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының облыста орындалу барысының аралық қорытындысын жария еткен болатын. 

Дәлірек айтқанда, облыс әкімі Мемлекет басшысының Қазақстанның халыықаралық көлік-коммуникациялық ағынға интеграциялануына қатысты тапсырмасын орындауға байланысты қандай шаралар қолға алынып жатқаны туралы айтып берді.

Осы орайда Бердібек Сапарбаев 2013 жылы ұзындығы 628 шақырым болатын «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі телімінің салынып, қолдануға берілгендігін еске салды.

Көлік инфрақұрылымын дамытуға байланысты ауқымды жобалар облыста 2016 жылы да жүзеге асырылатын болады. Мәселен, «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Ақтөбе-Атырау-Астрахань РФ» автожолының біздің облыс арқылы өтетін 319 шақырымы қайта салынады. Жолдың осы бөлігіндегі құрылыс-монтаждау жұмыстары биыл басталады. Жоба 2020 жылға дейін аяқталады. 2016 жылы Байғанин ауданы авто жолдарының 5 шақырымы қайта салынады, оған 1,2 млрд теңге қарастырылып отыр.

- Басым жобалардың қатарында Астана мен Арқалық, Торғай, Ырғыз, Шалқар, Қандыағашты жалғайтын, одан әрі Ақтау теңіз портына шығаратын «Орталық – Батыс» жобасы бар. Қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайын. Оның жүзеге асырылуы біздің облыс үшін маңызды, өйткені жоба асында облыстағы үш ауданның елді мекендерінде көлік қатынасы пайда болады, бұл өз кезегінде шағын және орта бизнесті ңдамуына ықпал ететін болады, - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Тағы бір маңызды жоба - «Ақтөбе – Орск» тас жолының қайта салынуы. Ондағы құрылыс жұмыстары 2017 жылы басталады деп күтілуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер