Ақмола облысына «Дипломмен ауылға» 3 мыңға жуық жас маман келген - Нұрлы жол|13 Қазан 2015, 17:41
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақмола облысына «Дипломмен ауылға» 3 мыңға жуық жас маман келген

Астана. 13 қазан. Baq.kz – Ақмола облысының ауылдарына «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2009 жылдан бері 2855 маман келген. Оның 2152-білім саласына, 536-денсаулық сақтау саласына, 86-мәдениет саласына, 50-ветеринария саласына, 21 спорт және 10 әлеуметтік қамтамасыз ету саласына. 

Бұл туралы бүгін Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткен аппараттық жиында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Бауыржан Малғаждаров баяндады.

Атап өту керек, бағдарлама бойынша келген жас мамандарға 319,7 млн. теңге көлемінде көшерпұл бөлінген. Ал 1027 маман үй алу үшін 2 млрд. 142 млн. теңгеге бюджеттік несиелер алған.

Оған қоса, жыл басынан бері 305 маман Ақмола облысының ауылдарына жол тартқан. Оларға бюджеттен көшерпұл ретінде 59,7 млн. теңге бөлінген.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы өңірлерді қаржылық қолдау аясында республикалық бюджеттен 356 млн. теңге бөлінген, бұл қаражат 202 ауылдағы 225 жобаның жүзеге асырылуын қамтамасыз етті. Бүгінде 315,6 млн. теңгенің 205 жобасы жүзеге асырылған, қалғаны қазан айында мәресіне жетеді деп күтілуде. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер