Ақмола ассамблеясының кеңесінде арнайы топ құрылатын болды - Нұрлы жол|25 Қараша 2014, 11:06
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Ақмола ассамблеясының кеңесінде арнайы топ құрылатын болды

Астана. 25 қараша. Baq.kz – Көкшетаудағы «Достық» үйінде Ақмола облысындағы этномәдени бірлестіктердің қатысуымен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының кеңесі өтіп, жиында Мемлекет басшының "Нұрлы жол" – болашаққа бастар жол» жолдауында айтылған міндеттемелер тереңнен талқыланды. Сондай-ақ, этносаралық түсіністік пен сенімділікті нығайтып, ұлттар арасындағы толеранттылықты меңзейтін кеңеске облыс әкімі Сергей Кулагин де қатысқан болатын.

Отырыстың күн тәртібінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының ғылыми-сараптама орталығы төрағасының орынбасары Нина Митчинова баяндама жасап, аймақтағы ұлттар арасында татулықтың артуына өз септігін тигізіп отырған Орталықтың жұмыс-жайымен жақыннан таныстырды. Осы кезге дейінгі атқарылған шаруалар мен Елбасын жолдауында айтылған тапсырмаларды қатар алып орындауға қатысты болашақтағы нақты жоспарлармен де бөлісті. Сондай-ақ, жиын барысында Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Шахарман Бекмағанбетова мен Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Василий Горохводацкий және "КВЕЛЛЕ" неміс мәдени-ақпараттық орталығы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Елена Татаринцева сынды Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің баяндамалары тыңдалды. Осылайша, кеңес соңында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы бірауыздан мемлекеттік органдардың және этно-мәдени бірлестіктердің басшылары Елбасының "Нұрлы жол" Жолдауында туындаған міндеттерді жүзеге асыру бойынша ақпараттық-насихаттау тобын құрып, ақпараттық-түсініктеме жұмыстарын жүргізу жөнінде шешім қабылдады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер