А.Дәулетбек: Еліміздің оңтүстігі мен батысын жалғаған әуе рейстеріне сұраныс жоғары - Нұрлы жол|21 Қазан 2015, 11:35
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

А.Дәулетбек: Еліміздің оңтүстігі мен батысын жалғаған әуе рейстеріне сұраныс жоғары

Астана. 21 қазан. Baq.kz – Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде әуе компанияның коммерциялық директоры Адель Дәулетбек мәлім етті.

«Бүгінде еліміздің оңтүстігі мен батысын жалғаған әуе рейстеріне сұраныс жоғары. Бұл бағыттар бойынша жүктеме орта есеппен аптасына 20-30 пайызға артып келеді. «Qazaq Air» - әлеуметтік бағдарлы компания. Сондықтан әуе билетінің бағасын қарапайым отандастарымызға қол жетімді еттік. Осылайша«Qazaq Air» компаниясының аймақтық бағдарлы жолаушыларға жол шығынын 40-50 пайызға, ал сапар уақытын 80-90 пайызға қысқартуға мүмкіндік туды», деді компания директоры.

Сондай-ақ, ол ағымдағы жылдың қараша айының басында Алматы мен Талдықорған арасында және Талдықорған мен Астана қалаларында қатынайтын жаңа рейстерді ашылатындығын хабарлады.

«Qazaq Air» компаниясы аймақтық компания болып табылады және қазіргі уақытта тек Қазақстанның ішкі рейстерін дамытуды көздеуде. Бүгін біз қараша айының басында Алматы мен Талдықорған арасында және Талдықорған мен Астана қалаларында қатынайтын жаңа рейстерді ашатындығымызды жариялағымыз келеді. Бұл барлығымыз үшін қуанышты хабар деп ойлаймын. Ал, бес жылдың ішінде Қазақстанда әуе көліктеріндегі жолаушылардың саны жыл сайын 7 пайызға артады деген болжам бар. Бұл деген сөз, болашақта қазақстандықтар жердегі көлікке қарағанда, негізінен әуе көліктері арқылы қатынайтын болады», деді А.Дәулетбек.

Айта кетейік, «Qazaq Air» әуе компаниясы ҚР Президентінің тапсырмасымен құрылған ең алғашқы компанияның бірі. Компания акциялары 100 пайыз "Самұрық-Қазына" АҚ иелігінде. «Qazaq Air» АҚ мақсаты - Қазақстанның аймақтарын әуе қатынасымен жалғап, олардың экономикалық дамуына септігін тигізу.

 

Дана Сағынбек


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер