А.Əбдіров: ЖОО-ларда тəжірибені 6 айға дейін ұзарту қажет - Нұрлы жол|24 Қараша 2014, 11:57
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

А.Əбдіров: ЖОО-ларда тəжірибені 6 айға дейін ұзарту қажет

Астана. 24 қараша. Baq.kz – Бүгін "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" атты жаңа экономикалық саясаттың аясында кадрларды даярлау мәселелеріне арналған брифингте С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Бірінші проректоры Айтжан Əбдіров ЖОО-да тəжірибе ұзақтығын барлық оқыту кезеңінде 6 айға дейін ұзарту туралы ұсыныс айтты. 

- Елбасы Н.Ə.Назарбаев "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" атты Жолдауында əлеуметтік инфрақұрылымдық дамуға басты назар аударды. Оның ішінде еліміздің 10 ЖОО-ның материалдық-техникалық негізін жетілдіру үшін 2017 жылға дейін 10 млрд теңге бағытталды. Индустриалдық-инновациялық даму - 2 мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде біздің мемлекетімізді əлемдегі 30 дамыған елдердің қатарына қосу үшін кадрлар дайындаудың 6 бағыты айқындалған. Ол металлургия, мұнай химиясы, азықтық жəне химиялық өнеркəсіп, машина құрылысы жəне құрылыс материалдары өндірісі. Сыртқы сарапшылардың пікірінше мамандарды ең үздік əлемдік тəжірибеге сай үлгіде оқыту үшін оқу үдерісін түбегейлі өзгерістер енгізу қажет, - деді А.Мұхамеджанұлы.

 

Сонымен қатар, ол бұл мəселені шешуге арналған тиімді өзгерістерді атап өтті. Ол үшін біріншіден, жалпы білім беретін пəндер санын қысқартып, оқу сағаттарын негізгі жəне бейіндік пəндер пайдасына көбірек бөлу қажет. Екіншіден, жазғы демалысты пайдалана отырып, тəжірибе ұзақтығын барлық оқыту кезеңінде 6 айға дейін ұзарту қажет. Үшіншіден, мамандардың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысу үшін арнайы оқу сағаттарын бөлуге ерекше көңіл бөлу керек. 

 

А.РАКИШЕВА, Ғ.МАДАЛИЕВ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер