BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

23 автожол жобасының құрылысы жоғары қарқынмен жүріп жатыр

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2015 жылдан бастап халықтың әл-ауқатын жақсартуға, өмір деңгейін жоғарлатуға, сондай-ақ еліміздің экономикасы мен инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асуда, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жөнінде Орталық коммуникацялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2015-2017 жылдар кезеңінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысы бойынша республикалық маңызы бар шамамен 1,8 мың шақырым автожол салынып, реконструкцияланды.

Мұнымен мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жұмыстары тоқтамайды. Биыл 4,2 мың шақырым жол реконструкцияланып, 23 автожол жобасында құрылыс жұмыстары жоғары қарқынмен жүргізілуде. Оның ішіндегі 22 жоба өтпелі, жалпы ұзақтығы 2900 шақырым болатын 10 жоба Халықаралық қаржы институттарының займдары есебінен іске асуда. Осының нәтижесінде жыл соңында 528 шақырым жол қозғалысы ашылатын болады.

Сондай-ақ 3-мамыр күні 2021 жылы аяқталатын Үлкен Алматы Айналма Автомобиль жолының (ҮАААЖ) құрылыс жұмыстары басталды. Ол мемлекеттік жеке-меншік әріптестік қағидатымен іске асырылуда.

Жалпы «Нұрлы жол» жобаларын іске асыруға жергілікті желі автожолдарын қосқанда 100 мың адам жұмылдырылды.

Жол құрылыстарына 95%-дан астам отандық жол құрылыс материалдары қолданылуда.

Сонымен бірге, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында және 2018 жылдың 10 қаңтарындағы Елбасының Жолдауына байланысты 4 мың шақырымнан астам жолды жөндеуге биыл республикалық және жергілікті бюджеттен (50х50) 60 млрд. теңге көлемінде қосымша қаржы бөлінді.

2025 жылға дейін жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жол желілерін 85%-ға дейін жеткізу үшін орта мерзімді перспективада жыл сайын 150 млрд. теңгеге дейінгі мөлшерде қаржы бөлу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын дамытуға ерекше назар аударылады.

Бүгінгі күні инвентаризация қорытындысы бойынша республикалық желіде 1 859 жол бойында қызмет көрсету нысаны бар. Биыл бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша оның Ұлттық стандартқа 42%-ы (780 бірлік) сәйкес келді.

Жылдың соңына дейін Ұлттық стандартқа сәйкес келетін нысандар санын 850-ге немесе жалпы жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының санынан 45%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Қолданыстағы нысандарды жақсартумен қатар, қызметтердің толық спектрі бар жаңа нысандарды салу және Ұлттық стандарт талаптарына сай келетін «KazWay» модульді павильондарын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Қызмет көрсететін нысандар туралы ақпаратты «IRU Transpark», «GoogleMaps», «Яндекс Карталар» цифрлы картасында енгізу жұмыстары да жүріп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер