BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

2025 жылы елдегі жолдардың 85% жақсы жағдайға жеткізіледі 

Паритетті сомада арқасында 2025 жылға қарай елдегі жол желісінің 85% жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізіледі. Бұл жөнінде Орталық коммуникацялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы, сондай-ақ, 2018 жылдың 10 қаңтарында Мемлекет басшысы жариялаған Жолдау аясында ағымдағы жылы паритетті негізде республикалық және жергілікті бюджеттен қосымша 60 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бұл сома есебінен 4 мың км астам жолға жөндеу жұмыстары жүргізіледі», - деді комитет өкілі.

Амангелді Бековтың берген мәліметі бойынша, жыл сайын паритетті негізде бөлінетін сома көлемін 150 млрд теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.

«Жыл сайын паритетті негізде бөлінетін сома көлемін 150 млрд теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Бұл 2025 жылға қарай елдегі жол желісінің 85% жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күні инвентаризация қорытындысы бойынша республикалық желіде 1 859 дана нысан бар. Ағымдағы жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша оның 42%, яғни 780 бірлігі Ұлттық стандартқа сәйкес келеді. Жыл соңына дейін Ұлттық стандартқа сай келетін бірліктер санын 850-ге жеткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, қазіргі әрекет етуші нысандарды жақсарту мақсатында кең қызмет түрлері бар және Ұлттық стандарт талаптары бойынша KazWay модульдік түріндегі павильондар орнату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деді Автомобиль жолдары комитетінің өкілі.

Сондай-ақ, Амангелді Беков «Нұрлы жол» жобаларын жүзеге асыруға жергілікті автожол желісі есебімен 100 мың адам жұмылдырылғанын айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер