2016-2017 жылдары «Нұрлы жол» аясында 200 мың адам жұмыспен қамтылады - Нұрлы жол|28 Қыркүйек 2015, 13:12
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

2016-2017 жылдары «Нұрлы жол» аясында 200 мың адам жұмыспен қамтылады

Астана. 28 қыркүйек. Baq.kz – Бүгін Парламент Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы өтіп, онда Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбек «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы турасында баяндама жасады, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

- Бұл заң жобасы елімізде автокөлік жолы инфрақұрылымы саласын дамыту мақсатында 12 заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қажет етеді. Ал аталған мәселе Ұлт Жоспарының 58-қадамында айтылатын жол-көлік инфрақұрылымын күтіп ұстау және дамыту жөніндегі бірыңғай ұлттық операторды құруға неігз болып табылады. Сонымен қатар, стратегиялық инвесторды тарту жайы да жан-жақты қарастырылған, - деді баяндамашы.

Сондай-ақ, ол алдағы екі жылдықта ел азматтарын тұрақты жұмыспен қамту жайына қатысты да бірқатар деректер келтірді.

- Қазіргі кезде Қазақстанда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында автомобиль жолдарына қатысты инфрақұрылымдарды дамыту мен оны жүзеге асыру жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқаны белгілі. Соның нәтижесінде, тап осы күндері республика бойынша 100 мың адам жұмыспен қамтылды. Біздің алға қойып отырған ендігі мақсатымыз – 2016 және 2017 жылға қарай «Нұрлы жол» бағдарламасымен іске асырылып жатқан жобаларда еңбек ететін отандастарымыздың санын 200 мыңға дейін жеткізу болып отыр, - деді Жеңіс Махмұдұлы.


Нұрлыбек ДОСЫБАЙ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер