2015 жылы 7,1 млн шаршы метрдің үйін тапсыру жоспарланған - Нұрлы жол|10 Қыркүйек 2015, 11:51
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

2015 жылы 7,1 млн шаршы метрдің үйін тапсыру жоспарланған

Астана. 10 қыркүйек. Baq.kz – «Қолжетімді баспана» бағдарламасы аясында биыл 7,1 млн шаршы метрдің үйін тапсыру жоспарланған. Алғашқы 8 айдың ішінде оның 79 пайызы жүзеге асыпты. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.  

– 2012 жылы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы іске қосылды. Сол уақыттан бері елімізде 26,6 миллион шаршы метрді құрайтын тұрғын үй кешендері салынды. Былтыр 6,9 миллион шаршы метрдің құрылысы жоспарланып, оны артығымен орындадық (7,5 млн). Ал биы 7,1 миллион шаршы метрдің үйін тапсырамыз деп жоспарлап отырмыз. Алғашқы 8 айдың ішінде 5,6 миллионы тапсырылды. Яғни 79 пайызы жүзеге асты. Енді алдағы төрт айдың ішінде қалған 1,5 миллионды өткізетін боламыз, – деді Қайырбек Өскенбаев.

Вице-министрдің айтуынша 8 айдың ішінде 455,5 млрд теңге көлемінде инвестиция салынған. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 115 пайыздық көрсеткіш.

– Бағдарлама аясында келесі жылы кезекте тұрған адамдарға барлық категориядағы отбасыларға тұрғын үй кешендерін тұрғызамыз. Оның ішінде «Тұрғын үй жинақ банкі», «Бәйтерек» АҚ (бұл «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында), сондай-ақ «Самұрық –Қазына» әл-ауқат қорының жас отбасыларға салатын бағдарламасы бар,– дейді ол.

Бек Төлеуов


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер