12 мыңға жуық адам жастар практикасы аясында жұмысқа тұрды - Нұрлы жол|28 Тамыз 2015, 15:08
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

12 мыңға жуық адам жастар практикасы аясында жұмысқа тұрды

Астана. 27 тамыз. Baq.kz – Аймақтық жұмыспен қамту кешенді бағдарламаларына жүргізілген мониторингтің 2015 жылдың 1 тамызындағы мәліметіне сәйкес белсенді жұмыспен қамту шаралары 250 мың адамды қамтыды. Бұл жоспарланған жылдық көрсеткіштің 78%-ын құрайды. Көмекке жүгінгендердің 234 мыңға жуығы жұмысқа орналастырылды.

Оның ішінде мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында жүзеге асырылатын жобаларға 25 мың 825 адам жұмысқа орналастырылды. 14 мың 162 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілсе, 11 мың 324 адам жастар практикасы аясында жұмысқа тұрды. 121 мың 584 қазақстандық мемлекеттік қолдау шараларының көмегінсіз жұмыс тапты.

Сондай-ақ, халықты жұмыспен қамтудың тиімді түрлерінің бірі – қоғамдық жұмыстарға бағыттау болып табылады. Соңғы мәліметтерге сәйкес, аталмыш бағытқа 61 мыңға жуық азамат қатысқан.

Ағымдағы жылы аймақтық жұмыспен қамту кешенді бағдарламалары мен «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының аясында 322 мыңнан аса жұмыссыз және өздігінен жұмыспен қамтылған азаматтарға жұмыспен қамту бойынша көмек көрсету жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен аймақтардағы жұмыссыздықтың ұлғаюына жол бермеу және еңбек нарығындағы тұрақтылықты сақтау мақсатында жұмыспен қамтудың кешенді жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда.

Аймақтық кешенді жоспарлар азаматтарды «Нұрлы жол» бағдарламасы, сонымен қатар мемлекеттік және салалық, «ЖҚЖК 2020» бағдарламалары аясында жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық бағдарламаларға қатыстыруға арналған шараларды жүзеге асыруды қарастырады.

 

ФОТО: ҚР ДСӘДМ баспасөз қызметінен


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер