100 отбасы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында пәтер кілтін алды - Нұрлы жол|27 Ақпан 2016, 14:28
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

100 отбасы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында пәтер кілтін алды

Астана. 27 ақпан. Baq.kz - Алматы қаласының әкімдігінде кезекте тұрғандар Қазақстан Ипотекалық Компаниясының желісі бойынша «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында жалға берілетін тұрғын үйлерді алды. 

Бүгін Алматы қаласында Сауранбаев және Толстой көшелерінің бойындағы 15 үйдегі 300 жалға берілетін пәтерлерді бөлу салтанатты рәсімі өтті.
Олардың ішінде: 108 бір бөлмелі пәтер, 153 екі бөлмелі пәтер, 1 үш бөлмелі пәтер және 38 төрт бөлмелі пәтер бар. Жалға берілетін тұрғын үйлердің жалпы ауданы 16 189,1 ш.м. құрайды.
Жаңа пәтерлер иегерлерінің арасында – мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, толық емес отбасылар, әскери қызметшілер, көп балалы отбасылар, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар, жетім балалар, оралмандар бар.
Жалға берілетін тұрғын үй құрылысы Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын іске асыру аясында іске асырылады. Бұл ретте ҚР Үкіметімен Өңірлерді дамытудың 2020 жылғы дейінгі бағдарламасы бекітілді. «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша қаржы операторларының бірі болып анықталды.
Республиканың барлық өңірлері бойынша 2015 жылы «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ жалға берілетін тұрғын үйдің 425,4 мың шаршы м. немесе 7 234 пәтерді пайдалануға берді. Оның ішінде Алматы қаласында - 1 122 пәтер Алғабас-6, Ақбұлақ, Аккент, Ақсай-5 шағынаудандарында, Сокпақбаев, Чернышевский, Сауранбаев, Толстой, Сейфуллин, Молдағалиев, Красногвардейск тракт көшелерінен берілді.
«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ желісі бойынша жалға берілетін тұрғын үйді тапсырудың нақты көлемі 2015 жылы Өңірлерді дамытудың 2020 жылғы дейінгі бағдарламасының жоспардағы көрсеткіші 24,3 мың шаршы м. асыра орындалды.
«Мемлекеттік органдармен және депутаттық корпуспен өзара әрекеттесе отырып Қазақстан Ипотекалық Компаниясының желісі бойынша жалға берілетін тұрғын үйлеріне салынатын салығы едәуір төмендетілгенін қуана хабарлағым келеді. ҚР Салық кодексіне Бізбен ұсынылған түзетулерді Президент қолдады. Соның нәтижесінде 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап біздің жалға алушыларымыз үшін мүлік салығы жеке тұлғаларға арналған мөлшерлеме бойынша есепке алынады», - деді «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Басқарушы директоры Исабекова Гүлжан Ахметқызы жалға берілетін тұрғын үйді бөлу кезіндегі салтанатты рәсімде.
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейін бағдарламасы аясында 2016 жылы «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ 326 000 шаршы метрден аса жалға берілетін тұрғын үйді пайдалануға береді деп жоспарлануда.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер