"100 нақты қадам" жаңа реформаларға азаматтық қоғамның белсене қатысуын көздейдi - Қ.Сұлтанов - Нұрлы жол|21 Желтоқсан 2015, 12:18
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

"100 нақты қадам" жаңа реформаларға азаматтық қоғамның белсене қатысуын көздейдi - Қ.Сұлтанов

Астана. 21 желтоқсан. Baq.kz - "100 нақты қадам" атты Ұлт жоспары жаңа кезеңдегi реформаларға азаматтық қоғамның белсене қатынасып, тiкелей араласуын көздейдi. Бұл жөнiнде мемлекеттiк басқарудың қазiргi заманғы стратегияларына арналған семинар барысында ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты, ҚР Президентi жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссияның төрағасы Қуаныш Сұлтанов мәлiмдедi.

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "100 нақты қадам" атты Ұлт жоспары қоғамымыздың конституциялық жолмен дамуын көрсете отырып, жаңа кезеңдегi реформаларға азаматтық қоғамның белсене қатынасып, тiкелей араласуын көздейдi. Бұл орайда, Н.Назарбаевтың 5 институционалдық реформасының маңызы зор екенiн айта кету керек. Осыған байланысты "Қазақстан - 2050" стратегиясын Астанада ЕҚЫҰ-ның қабылдаған "Астана" декларациясын Еуропаға жол бағдарларында еске алғанымыз жөн. 100 нақты қадам - ел экономикасын қуаттандыру мен қоғамдық келiсiмдi тұрақтандыру арқылы мемлекеттiк органдардың қызметiнiң ашықтығын қамтамасыз ету, олардың мемлекеттiк маңызы бар мүдделерi бойынша шешiм қабылдау процесiне азаматтарды кеңiнен қатынастыру қажет екенiне екпiн берудi көздейдi. Бұл бiр жағынан, мемлекеттiк органдардың өздерi үшiн инновациялық тетiктердi енгiзудi талап етсе, екiншi жағынан, азаматтық қоғамның сындарлы әлеуетiн ашатын процесс", - дедi депутат. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер