BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жеңіс Қасымбек «Нұрлы жер» бағдарламасына енгізілген өзгерістер туралы пікір білдірді

Фото: ашық дереккөзден

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына енгізілген қосымша өзгерістер «7-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасын қолдауға бағытталған. Алайда түбегейлі өзгерістер енгізу көзделмеген. Бұл туралы инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысынан кейін кулуарда мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Министр бағдарламадан ештеңе алынып тасталмайтынын айтты. Жеке тұрғын үй құрылысын, арендалық және кредиттік үйлерді қолдауға бағытталған құралдардың бәрі сақталады. Сонымен бірге, тұрғын үй салушыларды қолдау мақсатында пайыздық субсидиялаудың да сол күйінде қалатынын айтты.

«Ипотека бойынша біз субсидиялау деңгейін төмендетуді қарастырып отырмыз. Сол баяғы 10% қалады. Біз 7%-ды субсидиялаймыз, бірақ ол «7-20-25» бағдарламасымен қатар жүреді. Қандай да бір түбегейлі өзгерістер жоқ, болса ол тек жаңа бағдарламаны қолдауға бағытталады», - деді ол.

Ведомства басшысы «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша жаңа құрылыстардың қосымша инфрақұрылымына болашақта қаржы қажет болатынын айтты.

«Жалпы алғанда ешқандай өзгеріс болмайды. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі осыған дейін қалай жұмыс істеп келсе, дәл солай жұмысын жалғастырады. Бұл жүйенің бүгінде 2 миллионнан астам салымшысы бар. Банк белсенді жұмыс істеп жатыр. Арендалық және кредиттік жеке тұрғын үйге қатысты басқа да бағдарламалар әрі қарай жұмыс істей береді», - деді Қасымбек.

Еске сала кетсек, кеше инвестициялар және даму министрлігінің сайтында «7-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына өзгерістер енгізілетіні туралы ақпарат тараған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер