Таразда "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 80 отбасыға пәтер кілті берілді - Нұрлы жер|14 Желтоқсан 2017, 08:54
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Таразда "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 80 отбасыға пәтер кілті берілді

Тәуелсіздік мерекесіне орай Таразда көп жылдан бері пәтер кезегінде тұрған 80 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Оларға «Қарасу» шағын ауданынан «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бой көтерген тұрғын үйден пәтерлер берілді. Жылдар бойы жаңа қонысты күткен жұртшылықтың қуанышында шек жоқ. Жергілікті әкімдік мерекеге орай алғашқы қоныстанушыларға тұрмыстық техника сыйға тартты. Тұрғындар Тәуелсіздік күнін енді өз үйлерінде қарсы алатын болды.

"Үлкен бір сыйлық болды Тәуелсіздік күніне. 14 жыл кезекте тұрдым, пәтер жалға алып тұрдым, 4 балам бар. Бала-шаға, бәріміз қуанып жатырмыз. Ұзақ күткен пәтер еді. Қолымыз жетіп, қуанышымыз қойнымызға сыймай, ел-жұртпен бөлісіп жатырмыз" - дейді баспаналы болған мемлекеттік қызметкер Мұхит Қадырбеков.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер