BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Талдықорғанда жыл аяғына дейін 826 отбасыға пәтер кілті беріледі

Фото: dn39.ru

Алматы облысының орталығы – Талдықорғанда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Кейінгі 3-4 жылдың өзінде бірнеше сәнді ғимарат пен тұрғын үйлер салынып, қала ажарын аша түскен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы бұл саладағы жұмыстың одан әрі жандана түсуіне ықпал етіп отыр. Биыл қалада көпқабатты 9 үй салынып жатыр. Олардың жалпы ауданы 45 мың шаршы метр. Жыл аяғына дейін кезек-кезегімен пайдалануға берілетін жайлы пәтерлерге 436 отбасы қоныстанады.

Мамандардың айтуынша, талдықорғандық құрылысшыларды келесі жылы да ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Көпқабатты 7 үй бой көтеретін болады, оның жалпы көлемі 47 мың шаршы метр. Осылайша, 826 отбасы қоныс тойын тойлайды.

«Енді бізде тағы да айта кететін жайт, жаңағы коттеджді қалашық дейді, онда 48 үй салынып жатыр. Ол үйлердің тапсыруларын осы жылдың аяғына дейін тапсыруды жоспарлап отырмыз», - дейді қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Жандос Телеубаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер