BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

СҚО-да биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 1500-ге жуық баспана беріледі 

Солтүстік Қазақстан облысында биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғындарға 1446 пәтер беру жоспарланып отыр. Бұл туралы СҚО әкімі Құмар Ақсақалов ОСҚ-да өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді,- деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Әлеуметтік ортада баспана алу кезегін қысқарту үшін мүмкін болған барлық шараларды қабылдап жатырмыз. «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылы жалпы ауданы 117,3 мың шаршы метрлік 16 тұрғын үй қоданысқа берілмек. Былтырғы жылмен салыстырғанда бұл көрсеткішекі есеге көп болып отыр», - деді облыс әкімі.

Сонымен бірге Құмар Іргебайұлы «Нұрлы жол» бағдарламасын қоса алғанда басқа да қаржыландыру көздері есебінен салынған жапы ауданы 200 мың шаршы метр баспананы қолданысқа беру жоспарда бар екенін айтты. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 122 пайызға артық.

Ал соңғы жеті айдың көлемінде облыс бойынша 59 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілген.

Естеріңізде болса, Құмар Ақсақалов Петропавлда "Жас өркен" атты жаңа шағын аудан салынып жатқанын айтқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер