BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сағынтаев: «Нұрлы жер» бағдарламасына банктер мен құрылыс компанияларының қатысуы төмен

Фото: Бауыржан Жуасбаев

ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаев Үкiмет отырысында мемлекеттiк бағдарламалардың жүзеге асу барысын сынға алып, бiрқатар тапсырма бердi. Сағынтаевтың мәлiметiнше, «Нұрлы жер» бағдарламасына банктер мен құрылыс компанияларының қатысу деңгейi төмен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің тiлшiсi.

«Елбасы жұмыс бабында кеңес өткiзiп, мемлекеттiк бағдарламаларға қатысты бiрқатар орынды сын-ескертпе айтқан болатын. Оның барлығы бiздiң жұмысымызда ескерiлiп, Президенттiң тапсырмасы орындалуы қажет. Мемлекет басшысы «Нұрлы жер» бағдарламасы туралы халыққа аз ақпарат берiлiп жатқанын және бағдарламаға банктердiң қатысу деңгейiнiң төмендiгiн атап өттi», - деген Премьер-министр бұл мәселенiң Үкiметте бiрнеше рет талқылағанын айтты.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы «Нұрлы жер» бағдарламасына банктер мен құрылыс компанияларының қатысу деңгейi төмен екендігін атап өтіп, Инвестициялар және даму министрлiгi, «Бәйтерек» холдингi мен өңiр әкiмдерiне 1 қазанға дейiн бағдарлама механизмiн өзгертудi қарастыратын Үкiмет шешiмiне жоба енгiзудi тапсырды.

«Көптеген өңiр құрылыс компаниясының несиесiн субсидиялауға және ипотеканы қолдауға әлi кiрiспеген. Жекеменшiк құрылыс компанияларымен тиiмдi жұмыс жасалмаған. Сондай-ақ, екiншi деңгейлi банктермен дұрыс жұмыс iстемей жатырмыз. ТҮҚЖБ салымшылары мен баспанаға кезекте тұрғандар санын есептемегенде өңiрлер арасында қаржы бiрдей етiп бөлiнбей отыр. Сондықтан, Инвестициялар және даму министрлiгi, «Бәйтерек» холдингi мен өңiр әкiмдерiне 1 қазанға дейiн бағдарлама механизмiн өзгертудi қарастыратын Үкiмет шешiмiне жоба енгiзудi тапсырамын. Инвестициялар және даму министрлiгi мен Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiне бағдарлама механизмiн ақпараттық сүйемелдеу бойынша медиа жоспар бекiтудi, ал әкiмдерге осы жұмысқа белсендi атсалысуды тапсырамын», - дейдi Сағынтаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер