BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өскеменде 16 көпқабатты үй салынады

Өскемен қаласында ағымдағы жылы жалпы көлемі 145 552 ш.м. құрайтын соммасы 14 752 053,5 мың теңгеге 16 көпқабатты үй салынады. Бұл жайлы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев мәлімдеді.

Шаһарда мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында бірқатар тұрғын үй нысандары қолданысқа берілді. Атап айтсақ, биылғы жылдың өзінде 17,6 мың ш.м. тұрғындарға беріледі. Сондай-ақ, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларына арналған үйлер де бой көтеріп келеді.

– 2017 жылы қолданысқа 16 көпқабатты үй яғни 1 916 пәтер салынуда. Оның ішінде 6 көпқабатты үй «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларына, 7 үй кезекте тұрғандарға, тағы 2 үй жас отбасыларға және 1 үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында беріледі, – деді Қуат Тұмабаев.

Бұдан бөлек қала маңындағы 8 ауданнан 6,5 мың жер телімі жеке тұрғын үй құрылысына берілмек


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер