BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ОҚО-дағы 20 елді мекенде қызметтік тұрғын үйдің құрылысы басталады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Түймебаевтың тікелей бастамасы бойынша биыл өңірде қызметтік 20 тұрғын үйдің құрылысы басталмақ. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен салынатын тұрғын үйлер өңірдегі тоғыз ауданның 20 елді мекенінде бой көтеретін болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Он пәтерден тұратын екі қабатты типтік үлгідегі тұрғын үйлердің құрылысы бірінші жартыжылдықта аяқталады деп жоспарлануда.

ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, бұл мақсаттағы тұрғын үйлерге облыстық бюджеттен 1,6 млрд теңге көлемінде қаржы бөлініп отыр. Аталған баспаналар мұғалімдер мен медицина және жергілікті полиция қызметкерлеріне, тағы басқа да бюджет саласында еңбек ететін азаматтарға беріледі.

Еске салсақ, өткен жылы аймақ басшысы жаңа оқу жылы басталған уақытта мұғалімдер мен медицина саласының қызметкерлерін қызметтік пәтермен қамту үшін барлық аудан, қаладан типтік үлгідегі тұрғын үйлер салуды қолға алуды тапсырған болатын. Осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіруді құрылыс басқармасына жүктеген.

Бүгінде жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, басқарма тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда. Айта кетейік, аталған тұрғын үйлер аудан мен қаладағы 20 елді мекенде, яғни, Түлкібас - 3, Төлеби - 1, Отырар - 2, Бәйдібек - 2, Шардара - 2, Созақ - 2, Арыс - 2, Кентау - 3 және Түркістанда - 3-еуі салынады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер