BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ОҚО, Қостанай және Маңғыстау облысы салымшылары «Нұрлы жер» бойынша баспаналы болмақ

Фото: ОКҚ

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ОҚО, Қостанай және Маңғыстау облысының салымшылары жыл соңына дейін жаңа қонысқа кірмек. Бұл туралы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді.

«2017 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 145 үй, яғни 8645 пәтерді қабылдап алдық. Оның ішінде 4 мың пәтер біздің салымшыларға үлестірілді. Жыл соңына дейін өңірлерде 53 үй, яғни 4870 пәтер берілмек. Келесідей өңір салымшыларына: ОҚО - 630 пәтер, Қостанай облысы - 1260 пәтер, Маңғыстау облысы - 1068 пәтер беріледі», - деді Ләззат Ибрагимова.

Оның айтуынша биылдан бастап мемлекеттік бағдарлама аясында жер үйлер ипотекаға беріліп, қарызды субсидиялау жұмыстары жүргізіліп отыр.

«Біз үшін ең қуанышты оқиға ол - «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтерлер ғана емес, коттеджер, яғни жер үйлер ипотекаға беріледі. Қостанай облысындағы Заречный елдімекені тұрғындарына жер үйлер кілтін береміз. Ол үйлердің шаршы метрі 120 мың теңгеге бағаланып отыр. Басқа да өңірлерде, мысалы Солтүстік Қазақстанда келесі жылы осындай жер үйлерді беру жоспарда бар», - деді ол.

Ал «Бәйтерек» xолдингінің басқарушы директоры Қайырбек Өскенбаев бағдарлама аясында жер үйлерді субсидиялау шағын аудандардың бой көтеруіне сеп болып отырғанын айтады.

«Бүкіл өңірлерде осы меxанизм бойынша үйлер салынып жатыр. Кейбір қалаларда кіші аудан ретінде салынған. Аудан, ауылдарға осылай құрылыс жұмыстары жүргізілсе тамаша болар еді деп ойлап отырмын», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер