BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Нұрлы жердің» 5 бағыты. 11 айда не істелді, қанша сома игерілді?

Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен құрылған халықты баспанамен қамтамасыз етуде бірден-бір қозғаушы күшке айналған «Нұрлы жер» бағдарламасының жүзеге аса бастағанына да бір жылға таяп қалыпты. Нақтырақ айтсақ 11 айдың жүзі болған екен. Бүгін осы 11 айда не істеліп, қанша адам баспанамен қамтамасыз етіліп, қанша тұрғын үй салынғаны жайлы шағын шолу жасап көрмекпіз.

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 10,1 млн шаршы метрден астам тұрғын үйді (99 мың пәтер) пайдалануға беру жоспарланған. Оның 1,3 млн шаршы метрден астамы (22 778 мың пәтер) мемлекеттік инвестиция есебінен берілетіндігі анықталған.

Бүгінгі күні «Нұрлы жер» бағдарламасының жылдық жоспары 95%-ға орындалды, 9,6 млн шаршы метр немесе шамамен 84,1 мың баспана іске қосылды.

11 айдың қорытындысы бойынша тұрғын үй саласындағы өсімнің тұрақты қарқыны байқалады. Іске қосылған тұрғын үйдің ФКИ 7,6%-ға артты (8,9 млн ш/м-ден 9,6 млн ш/м-ге дейін).

Республика бойынша барлығы 84 114 баспана берілсе, оның 26 372-сі жеке тұрғын үй (4,1 млн ш/м) және 57 742 пәтер КПТ (5,5 млн ш/м).

Тұрғын үй құрылысына жұмсалған инвестицияның жалпы сомасы 820,7 млрд теңгені құрап, бұл көрсеткіш өткен 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12,9%-ға көп болды. Оның 134 млрд теңгесі мемлекеттік инвестициялардан түсті.

Өткен жылмен салыстырғанда баспананы ең көп пайдалануға берген өңірлердің көш басында Батыс Қазақстан (+47,9%), Жамбыл (33,6%), Қостанай (31,9%), Павлодар (+28,5%), Солтүстік Қазақстан (27,8%), Ақмола (+25,1%), Атырау (+24,8%), Қызылорда (+20,4%) облыстары тұр.

Мемлекеттік инвестиция есебінен енгізілген баспананың көлемі 16 353 пәтерді құрады немесе 975,2 мың ш/м (22 778 пәтер жоспарына 72,6%).

Халықты баспанамен қамтамасыз етудің 5 түрлі бағыты негізінде жұмыстар жүргізілді. Олар:

1. 362,5 мың ш/м (5867 пәтер) – әкімдіктердің кредиттік үйі;

2. 357,0 мың ш/м (6060 пәтер) – «БД» АҚ-тың кредиттік үйі;

3. 163,1 мың ш/м (2883 пәтер) – «ҚИК» АҚ-тың жалға берілетін үйі;

4. 20,0 мың ш/м (354 пәтер) – әкімдіктердің жалға берілетін үйлері (сатып алусыз);

5. 72,6 мың ш/м (1189 пәтер) – ӨДБ аяқталып жатқан жобалары.

Бірінші бағыт. Өңірлерде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін алаңы 288,0 мың шаршы метр (5376 пәтер) сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысы басталды. Осы жылы құрылысты қаржыландыру үшін республикалық бюджеттен 25 млрд теңге бөлінді. Оның өңірлерге 23,1 млрд теңгесі аударылып, 22,2 млрд теңгесі немесе 96,1%-ы игерілді.

Биыл 150,5 мың ш/м тұрғын үй (2697 пәтер) тапсыру жоспарланған, бүгінгі күні оның 354 пәтері (20,0 мың ш/м) пайдалануға берілді Атырау (60 пәтер), Жамбыл (98), БҚО (24), Павлодар (72), СҚО облыстарында (100).

Екінші бағыт. 2017 жылы тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан аудандарға, соның ішінде жеке тұрғын үй салынып жатқан жерлерге инженерлік коммуникация тартуға ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 83,4 млрд теңге бөлінді. Өңірлерге аударылған 68,5 млрд теңгенің 63,9 милларды немесе 93,2%-ы игерілді. Республика бойынша нақтылаудан кейін 6,1 млрд теңге сомма үнемделді.

Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту үшін 3633 шақырым желі тарту бойынша 70,3 мың жеке тұрғын үй құрылысы салынатын жер учаскелеріне, оның ішінде бұрын бөлінген 54,1 мың учаскелеріне және жаңа 16,2 мың учаскелеріне жұмыс жүргізіліп жатыр.

6 облыс орталығында жеке тұрғын үйлер құрылысының пилоттық жобасын іске асыру басталды. 2017-2018 жылдары алаңы 219,3 мың ш/м болатын 1975 үй салу жоспарланған.

Нақтылайтын болсақ:

Ақтөбе облысында – 423 үй (2017 жылы – 194 үй, 2018 ж - 229),

Қостанай облысында – 279 үй (2017 жылы – 100 үй, 2018 ж – 179 үй),

СҚО – 200 үй (2017 жылы – 72 үй, 2018 ж - 128);

Жамбыл облысында – 300 үй (2018 жылы пайдалануға беріледі);

Алматы облысында – 607 үй ( 2017 жылы – 48 үй);

ОҚО – 166 үй (2018 жылы пайдалануға беріледі).

Үшінші бағыт. Кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша 11 927 пәтердің (719,5 мың ш/м) немесе ағымдағы жылдың жоспарына 77,4%, оның ішінде әкімдіктермен 5 867 пәтер (362,5 мың ш/м) және «Бәйтерек девелопмент» АҚ – 7 135 пәтер (420,7 мың ш/м) іске қосылды. Бұл бағытта жоспар бойынша алаңы 929,2 мың ш/м болатын 15 406 пәтер салынуы керек болатын. Оның алаңы 508,5 мың ш/м болатын 8 271 пәтері – әкімдіктердің желісі бойынша, ал алаңы 420,7 мың ш/м болатын 7 135 пәтер – «БД» желісі бойынша тұрғызылу көзделген.

Жылдың соңына дейін қосымша 3 479 пәтер (209,7 мың ш/м), оның ішінде: 2404 пәтер (146,0 мың ш/м) әкімдіктердің желісі бойынша іске қосылатын болады. Осы бағыттың шеңберінде әкімдіктердің – 67 млрд теңге қаражаты (65 млрд теңге немесе 97% игерілді) және «БД» АҚ – 95,6 млрд теңге қаражаты (87,3 млрд теңге немесе 91,3% игерілді) игеріліп жатыр.

Әкімдіктердің желісі бойынша 2016 жылы көзделген 67 млрд теңгені Экономиканы жаңғырту бойынша мемкомиссияның жоспарына сәйкес 2016 жылы – 38,2 млрд теңге және 2017 жылы –28,8 млрд теңге игеру көзделген болатын. Бүгінгі күні әкімдіктер 65 млрд теңге немесе 97% игерді.

6 135 пәтер (384,8 мың ш/м) іске қосылды, оның ішінде: 2016 жылы – 268 пәтер немесе 22,3 мың ш/м, 2017 жылы – 5 867 пәтер немесе 362,5 мың ш/м. Қосымша 2 404 пәтер (146 мың ш/м) іске қосылды.

«Бәйтерек девелопмент» АҚ желісі бойынша 2016 жылы бөлінген 113 млрд теңгені, Экономиканы жаңғырту бойынша мемкомиссияның жоспарына сәйкес, 2016 жылы – 51,4 млрд теңге және 2017 жылы – 61,6 млрд теңге игеру көзделген болатын, келісімшарт жасалмаған 17,4 млрд теңге 07.08.2017 жылы ҰҚБК шешімімен жергілікті атқарушы органдардың бағалы қағаздарын сатып алуына қайта бөлінді. 95,6 млрд теңгеге келісімдер жасалып, 87,3 млрд теңге немесе 91,3% игерілді.

– 485,5 мың ш/м (8096 пәтер) іске қосылды:

– 2016 жылы 128,5 мың ш/м (2036 пәтер) тапсырылды,

– 2017 жылы 357 мың ш/м (6060 пәтер) тапсырылды.

Сонымен қатар, қосымша 63,7 мың ш/м (1075 пәтер) іске қосу жоспарда, жалпы объектілерді аяқтау 2018 жылға дейін жоспарланды.

«ҚИК» АҚ жалға берілетін тұрғын үй құрылысына және сатып алуына 163,3 млрд теңге бөлінген болатын (Ұлттық қордан - 115 млрд теңге, РБ - 48,3 млрд теңге) келісімдер 161,2 млрд теңгеге жасалды. 150 млрд теңге немесе 91,9% игерілді:

1,05 млн ш/м (18 563 пәтер) жоспарға орай барлығы 916,6 мың ш/м (16 110 пәтер) сатып алуымен жалға берілетін тұрғын үй салынды және сатып алынды.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ бөлген 97 млрд теңгеден 75,9 млрд теңгеге келісім жасалды, құрылыс салушыларға 52,6 млрд теңге аударылды (36,5 млрд теңге немесе 69,4% игерілді). Келісімшарт жасалмаған 21,1 млрд теңге 07.08.2017 жылы ҰҚБК шешімімен жергілікті атқарушы органдардың бағалы қағаздарын сатып алуға қайта бөлінді.

Құрылыс нысандары (320,3 мың ш/м, 6406 пәтер) Астана, Алматы, ШҚО және ОҚО салынып жатыр. Олар 2018 жылы наурыз-шілде аралығында аяқталады.

Төртінші бағыт. Жеке құрылыс салушылардың тұрғын үй құрылысын ынталандыру.

«Даму» КДҚ» АҚ арқылы субсидиялау үшін нақтыланған бюджет бойынша 1 млрд теңге көзделген болатын. ЕДБ-дің 7% мүддесі субсидияланады. ЕДБ (екінші деңгейлі банк) құрылыс салушыларға 2018-2019 жылдары 600 мың ш/м тұрғын үй салуға 152 млрд теңге бөлуді жоспарлады (2017 жылы – 15 млрд теңге, 2018 жылы – 137 млрд теңге).

Бүгінгі күні 8 ЕДБ-де (Сбербанк, АТФ банк, БЦК, Қазкоммерцбанк, Нұрбанк, Евразиялық банк, ФортеБанк, Халық банкі) қарауында 65,4 млрд теңге сомаға 43 жоба жатыр (кредит сомасы 46,5 млрд теңге), 47,2 млрд теңгеге 26 жоба мақұлданды. Кредиттің сомасы 32,2 млрд теңге (оның ішінде 26,6 млрд теңгені құрайтын 14 жоба бойынша келісім жасалды).

Бесінші бағыт. Ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін жоғарылату.

«ҚИК» АҚ арқылы халықтың ипотекасын субсидиялау үшін нақтыланған бюджетке сәйкес 1 млрд теңге көзделді. ЕДБ 120 млрд теңгеге 8 мың қарыз беруді жоспарлады (2017 жылы – 15 млрд теңгеге 1 мың қарыз, 2018 жылы – 105 млрд теңгеге 7 мың қарыз).

Бүгінгі күні Сбербанк, АТФ Банк, БЦК, ТҚЖБ, Банк ВТБ қатарлы 5 банк Бағдарламаны белсенді іске асыруға кірісті және олардың қарауына 11,7 млрд теңге сомасына жеңілдетілген қарыз алуға 1 147 өтініш келіп түсті. Оның ішінен 11,2 млрд теңгеге 1098 кредит беру мақұлданды (жалпы сомасы 7,8 млрд теңгені құрайтын 789 кредит беруге келісімдер жасалды).


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер