BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Нұрлы жер» баспана мәселесін шеше ала ма?

Фото: Шыңғыс ҚАППАРОВ

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қанша қаржы бөлінетіндігін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«2017 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына барлығы 477 млрд теңге бөлу көзделген. Оның ішінде бюджет есебінен 320 млрд теңге, ал «Бәйтерек» холдингі арқылы 157 млрд теңге бөлінеді. Мемлекеттік бағдарламаның бюджеттік бөлігін атқару 99,7 %-ды құрады. Нәтижесінде 16,3 млрд теңге игерілді. Ал 146 млрд теңгеге, яғни жылдық жоспардың 46%-ы көлемінде шарттар жасалды», - деді министр.

Айта кетейік, Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жек тұрғын үй құрылысына арналған «Нұрлы жер» бағдарламасын әзірлеуді тапсырған болатын. Оның аясында қазақстандықтарға инженерлік инфрақұрылымды тартқаннан кейін қазақстандықтарға 10 сотық жер беру қарастырылған. Аталған бағдарламаға қазіргі ипотекалық және тұрғын-үй жинақ тетіктері енгізіледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер