«Нұрлы жер» аясында қанша баспана тапсырылғаны белгiлi болды - Нұрлы жер|12 Ақпан 2018, 18:12
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«Нұрлы жер» аясында қанша баспана тапсырылғаны белгiлi болды

Өткен жылы елiмiзде 11,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуға арналған баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов осылай айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттiгi.

«Ел экономикасының сапалы өсімге жетуіне «Нұрлы жер» бағдарламасы өз үлесін қосып отыр. Соның арқасында рекордтық 11,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өз кезегінде 100 мыңнан астам отбасы жаңа баспана алғанын бiлдiредi», - дедi Руслан Дәленов ОКҚ брифингi барысында.

Вице-министрдiң айтуынша, 2017 жылғы Индустрияландыру картасы бойынша 1,5 трлн теңгеге жуық сомаға 120 жоба енгізіліп, 10 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 4 мың шақырымнан астам жол қайта жөнделді. Сонымен қатар, былтыр екпін қойылып отырған салаларда ілгерілеу болды. Атап өтсек, фармацевтика - 42 пайызға, ал көлік құрастыру - 39 пайызға, жеңіл өнеркәсіп 7,3 пайызға артты.

«Жалпы, 2017 жылы инфляция тұрақтанды. Макроэкономикалық жағдай да оңтайлы болды. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша iшкі жалпы өнім 4 пайызға жоғарылады және бұл көрсетікіш әлемдік экономиканың өсімінен жоғары. Яғни, әлемдік экономика 3,6 пайызға өскен болатын. 2017 жылғы басты экономикалық қорытындыға келсек, ІЖӨ өсімінің үштен екі бөлігі шикізаттық емес экономикамен қамтамасыз етілді. Барлық ішкі салада өсім болды. 2016 жылғы 22 салада, ал 2017 жылы 31 салада оң өсім байқалды», - деп түйiндедi Руслан Дәленов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер