BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Нұр Ақтөбе» ауданында 2025 жылға дейін 9 шағын аудан пайда болады

Фото: Автор

Ақтөбенің «Нұр Ақтөбе» ауданында салынып жатқан тұрғын үйлерді жергілікті билік өкілдері аралап көрді. 1-ші, 1А мөлтек аудандарда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы арқылы бой көтеретін тұрғын үйлердің 85 пайызы аяқталуға жақын. Шағын ауданның 30 мыңнан астам тұрғынының саны алдағы 8 жылда 110 мыңға жетеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Нұр Ақтөбе» ауданы 2025 жылға дейін қалашыққа айналады. Мұнда 9 шағын аудан пайда болады. Құрылыс қазір қарқынды жүріп жатыр. 1-ші, 1 А мөлтек аудандарда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы арқылы салынып жатқан тұрғын үйлердің 80 пайызы аяқталып қалған. Үш қабатты 50-ден астам үйдің құрылысы жүріп жатыр. 22-сі аяқталуға жақын. Тағы 194 жер үйдің құрылысын жыл соңына дейін бітіру жоспарланған.

««Нұр Ақтөбе» ауданында болашақта 110 мың адам тұратын болады. Толық инфрақұрылымы қалыптасқан. «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы 1 мөлтек ауданның құрылысы жүргізілді. Тұрғын үйлер әртүрлі жобамен салынды. Көлемі де әртүрлі. 1 бөлмелі пәтердің аумағы – 40-55 шаршы метр, 2 бөлмелі – 55-65 шаршы метр, 3 бөлмелі – 85 шаршы метр, 4 бөлмелі – 90-95 шаршы метрді құрайды»,- Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Жандос Байырханов

Барлық инфрақұрылымы жабдықталған 8 үйдің 1 желтоқсанда пайдалануға берілгендігі туралы бұған дейін де хабарлаған болатынбыз. Жыл соңына дейін тағы 12-сі іске қосылады. Алғашқы тұрғындардың бірі - Әсем Баязитова. 1 бөлмелі пәтер салу үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2 жарым жыл ақша салып отырған. Арманы орындалған келіншектің «пәтер жалдап жүргендер кешікпей қарекет қылса» деген тілегі бар.

«Пәтерімнің кілтін 1 желтоқсанда қолыма алдым. Сенбедім. Ақша жинап, пәтер алуға болады екен. Таза әрі жылы баспанада енді қызыммен тұрамын. Ай сайын 12 500 теңгеден 2,5 жыл ақша салып отырдым банкке. Алғашқы 3 жылда ай сайын 45 мың теңгеден, одан кейін 6 жыл 31 мың теңгеден төлеп отырамын», - деді пәтер иесі Әсем Баязитова.

Бірнеше мердігер мекемелер үйлерді 5-6 айдын ішінде салып болып жатыр. Басшылары ешқандай ақаудың жоқтығына сенімді. Кепіл береді. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы берілетін баспананың 1 шаршы метрінің құны - 120 мың теңге. Бастапқы жарна - 30 пайыз. 5 пайыз үстемемен беріледі.

«Пәтерлердің 1 шаршы метрінің құны - 120 мың теңге. Тек «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы берілетін пәтерлерге ғана қойылған баға. Алғашқы жарна 30 пайызды төлегеннен кейін қалған ақшаны 19 жылға бөлуге болады. Бұл - ең ұзақ мерзім. Ұзақ мерзімге алынған пәтер иелері 9 жылдан кейін несиені 3,8 пайызбен төлей алады. Әр адам пәтерді өз атына аударады. Тек банкте кепілде тұрады», - деді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Ақтөбе облысы филиалының директоры Бауыржан Жуасбаев.

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Жандос Байырхановтың сөзінше, келесі жылы мұнда 900 орындық мектеп салынып, 2 балабақша құрылысы аяқталады. Емхана бой көтеріп, жол мен қоғамдық көлік мәселесі шешіледі. Тұрғындар саны 2018 жылы 38 мың адамға жетеді деп күтілуде.

Фото: Автор


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер