BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Келесі жылы Қызылорда облысында 11 тұрғын үй пайдалануға беріледі

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Қызылорда облысы Қармақшы және Қазалы аудандарында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілмек, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің өңірдегі тілшісі.

Қармақшы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Талғат Қатарбаевтың айтуынша, биыл Қармақшы ауданында 6 тұрғын үй салынды. Олар кезекте тұрған мұқтаж жандарға пайдалануға берілді.

«Биыл Байқоңырда 50 пәтерлі 5 үйдің іргетасы қаланып, құрылысы келер жылы жалғасады. Нәтижесінде Төретам және Ақай ауылдарының үй кезегінде тұрған азаматтары баспанамен қамтылады», – деді Талғат Қатарбаев.

Ал, Қазалы ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Марат Ситекен келер жылы ауданда 18 пәтерлі 6 тұрғын үй салынатынын мәлімдеді

«Жаңа тұрғын үй аймақтарын инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге 300 миллион теңгенің жобасы қолдау тапты. Сондықтан, келер жылы «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына сәйкес Әйтеке би кентінен үйлер салынады. Қазіргі таңда ауданда бір Ұлы Отан соғысының ардагері, 193 жетім бала, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 345 халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азамат және 100 бюджеттік сала қызметкері, барлығы 638 азамат тұрғын үй кезегінде тұр», – деп атап өтті бөлім басшысы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер