BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстандықтар үйде отырып видеобайланыс көмегімен «Нұрлы жер» туралы кеңес ала алады

2018 жылдан бастап қазақстандықтар видеобанкинг атты жаңа қызмет көмегімен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» менеджерлерінен үйден шықпай-ақ кеңес алады. Бұл туралы ЭКСПО-2017 көрмесінің «Цифрлық Қазақстан» павильонында өткен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі-онлайн» шарасында ТҮҚЖБ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Жаңа технология менеджермен видеобайланыс арқылы хабарласып, «Нұрлы жер» бағдарламасының шарттары, бағдарлама аясында салынып жатқан тұрғын үйлер шаршы метрінің бағасы, сонымен қатар дайын нысандар мен банк өнімдері туралы қашықтан кеңес алуға мүмкіндік береді.

«Видеобанкинг салымшылардың уақытын үнемдеп, банктің жұмыс процестерін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Бөлімшелерде кезекте тұрмас үшін салымшы арнайы қызмет көрсету аймағына өтіп, операторға өз сұрағын қоя алады. Сондай-ақ бүгін pn.hcsbk.kz «Баспана.kz» атты жаңа интернет-порталдың тұсауы кесілді. Бұл портал арқылы «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынатын барлық нысандар туралы ақпарат алуға болады», - деді Ләззат Ибрагимова.

Әзірге видеобанкинг тест түрінде Алматы және Орал тұрғындары үшін қолжетімді болып отыр. 2018 жылдан бастап аталған жаңа сервис ТҮҚЖБ-ның барлық бөлімшелерінде жұмыс істейтін болады.

Бүгінде ТҮҚЖБ салымшылары қашықтан қызмет алудың тағы бір жолы – «ТҮҚЖБ 24» интернет-банкингін пайдаланып отыр. Қазір бұл сервиске 220 000 қазақстандық тіркелген. Онлайн-режимде банк салымшылары жинаған қаржысы мен сыйлықақының сомасын біліп, бағалау көрсеткішін қадағалап, депозит толықтырып, кез келген банктің картасымен комиссиясыз несие өтей алады. Осы қосымша арқылы қашықтан 47 000 салымшы «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысып үлгерді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер