BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қарағандының Жаңаарқа ауданында жыл соңына дейін 72 отбасы баспаналы болмақ

Фото: интернеттен

Арқа төсіндегі Жаңаарқа ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша көппәтерлі тұрғын үйлер салынып, баспанаға зәру жандарға берілуде. Бүгінгі күнге дейін жиырма төрт жаңаарқалыққа жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Жыл соңына дейін 48 отбасы баспаналы болмақ, деп жазады Baq.kz аймақтағы тілшісі.

2018 жылы Жаңаарқада көппәтерлі екі тұрғын үй қолданысқа берілді. Олардың біреуінде сегіз, екіншісінде он алты пәтер бар. Аудан әкімдігінің мәліметінше, жыл соңына дейін 16 пәтерлік үш үйдің құрылысын аяқтау көзделіп отыр.

«Елбасының бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру шеңберінде, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы біз 8 және 16 пәтерге шақталған екі үйді қолданысқа бердік. Жаңа пәтерлердің кілттері жетімдерге, аз қамтылған отбасылар және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне табыс етілді. Жыл соңына дейін тағы үш 16 пәтерлік үйді тапсырамыз деп жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысын дамыту үшін 90 жер теліміне инженерлік инфрақұрылым тартылды. Жер телімдері кезекте тұрғандарға беріледі», - дейді Жаңаарқа ауданының әкімі Юржан Бекқожин.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер