BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қарағандыда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпқабатты үйлер салынып жатыр

Фото: Автор

Қарағандыда «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында 2017 жылы 1 474 пәтер, ал 2018 жылы 2 688 пәтер пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарлама бойынша 24 қабаттан тұратын 7 көпқабатты зәулім үй салу жоспарланған, деп жазады Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.

Қарағанды облысы бойынша 2017 жылы кредиттік баспана салу бойынша 1,5 млрд теңге көлеміндегі қаржы 3 жобаға жұмсалуда. Соның бірі «Панель орталық» шағын ауданындағы №1, 2, 3 кредиттік баспаналарды салу болатын. Қазіргі таңда осы көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Бұл үйде биылғы жылы 936 пәтер, 2018 жылы 192 пәтер тапсырылады. Қарағандыда 68 мың салымшының 6 мыңнан астамында 3-тен 5 миллионға дейін жинақтық қор бар. Бұл сома пәтер алу үшін алғашқы салымға жеткілікті болып отыр.

«Байтерек Девелопмент» АҚ-ның 2,4 млрд теңгені құрайтын облигацияларды сатып алуының арқасында бұл жобаны іске асыру мүмкін болды. Сонымен қатар біз тұрғын үй жинақтау жүйесі арқылы жеке меншік құрылысшыларды және үй салу комбинаттарын жұмылдырдық. Тұрғын үй жинақтау жүйесі арқылы «Жанұя-2» тұрғын үй кешенінде 199 пәтер, ал «Сапа» шағын ауданында 144 пәтер пайдаланылуға беріледі», - дейді Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров.

Оның айтуынша, Қарағандыда алғаш рет 24 қабатты зәулім үй салынбақ. Бұл әзірге қаладағы ең биік көпқабатты үй болмақ.

«Ағымдағы жылы үй салу комбинаттарын жұмылдырып, құрылысқа кіріспекпіз. Қарағандыда жалпы құны 10,6 млрд теңгені құрайтын 24 қабатты зәулім үйлер тұрғызылады. «Трилистник» тұрғын үй кешенінде 7 үй болады. Биылғы жылы бұл жобаға 4 млрд теңге бөлінген, келесі жылы қаржыландыру 6,6 млрд теңгені құрайтын болады. Жобаға сай бұл зәулім үйлерде 1 344 пәтер болады», - деді Н.Әубәкіров.

Қала басшысының айтуынша, келер жылы қаланың оңтүстік-шығыс және Майқұдық аудандарын біріктіретін шағын ауданның құрылысы басталады. Жоба 2017-2019 жылдарда жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Оңтүстік-батыстағы тұрғын үйлерді салуға биылғы жылы 1 млрд. теңге жұмсалмақ. Тағы 4,7 млрд теңге келесі екі жыл аралығында бөлінеді.Тұрғын үйдің жалпы ауданы 77 мың шаршы метрден асады, барлығы - 1 476 пәтер, оның ішінде 2018 жылы - 828 пәтер пайдаланылуға беріледі.

«Аймақтағы үй салу комбинаттары 100 % жұмыспен қамтылады. Құрылыс мерзімі және шығындар қысқармақ. Бұған дейін монолитті қаңқаларды құрылыста пайдалану құрылысты 23-24 айға созса, енді заманауи құрылыс технологиясының арқасында көпқабатты үйлерді тұрғызу 14-15 айда бітпек», - дейді Н.Әубәкіров.

Фото: Автор


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер