BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қарағандыда биыл жаңа мектеп ашылады

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов жаңа тұрғын үйлердің және әлеуметтік нысандардың құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Аймақ басшысы «Жанұя-2» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болды. Жобаның құны 2,6 млрд теңгені құрайды. Мұнда жалпы ауданы 12800 шаршы метрді құрайтын он қабатты үйлер салынып жатыр. Барлығы 199 пәтер болады.

«Жоба «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатыр. Пәтерлер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына сатылады. 2018-ші жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Әзірге қалыпты жылдамдықпен келе жатырмыз. Қаржыландыруға қатысты қиындықтар жоқ, - деді «ККК Инжиниринг» ЖШС директоры Иван Малюшенко.

Ол құрылыс жұмыстарына жергілікті үй құрылысы комбинатының материалдары пайдаланылатынын атап өтті. Технология құрылыс мерзімін жылдамдатып, құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Мамандардың мәліметінше еңбек күшінің жұмсалуы үш есеге қысқарған.

Дәл осы компания Б.Момышұлы көшесінде үш жапырақ пішіндес көп пәтерлі тұрғын үй кешенін салып жатыр. Жобаның құны – 9,3 млрд теңге. Тапсырыс беруші Қарағанды қаласының Құрылыс бөлімі. Мақсаты – халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету. Кешенде 14 және 16 қабатты үйлердің жалпы ауданы шамамен 60 мың шаршы метрді құрайтын 1128 пәтерлі үй болады.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жоба «2020 жылға дейін аймақтарды дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында Тұрғын үй құрысыл жинақ банкі желісі бойынша жүзеге асырылуда. Жұмыстар кестеге сай жүргізілуде. Тұрғын үй кешенінің алғашқы екі кезегін 2018-ші жылдың екінші жарты жылдығында тапсыру жоспарланып отыр. Бірінші кезектің құрылысы аяқталуға жақын.

Облыс әкімі сонымен қатар Панель-Орталық шағын ауданындағы 1200 орынға шақталған жаңа мектептің құрылысымен танысып қайтты. Құны 2,2 млрд теңгені құрайтын жоба «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатыр. Қаражат Ұлттық қордан бөлінген.

Мердігер – «Строй с нами» ЖШС. Компанияның бас инженері Хикмак Давлетовтың айтуынша құрылыс-монтаждау жұмыстары кестеге сай өткізіліп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер