BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қарағандыда 16 отбасы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтер алды

Фото: ашық дереккөзден

Қарағандыда «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған бес қабатты, 60 пәтері бар тұрғын үй пайдалануға берілді. Бирюзов көшесінде бой көтерген үйден баспанаға мұқтаж болып отырған 16 отбасы пәтерлі болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оларға жаңа пәтерлердің кілтін қала әкімі Нұрлан Әубәкіров табыс етті.

Жалға берілетін баспана жетім балалар, көп балалы отбасыларға үлестірілді. Сондай-ақ бюджет қызметкерлері, әскери және мемлекеттік қызметшілер де пәтерлі болды.

Айта кетейік, жыл соңына дейін баспана құрылысы бағдарламасы бойынша Қарағандыда тағы 325 пәтерді пайдалануға беру жоспарда бар. Үйлер қаладағы 12, 14 және 15-шағын аудандарда салынып жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер