BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.29 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.4 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.93
Астана:

Қарағанды облысында 4 көпқабатты үй қолданысқа беріледі

Фото: sakhalife.ru

Астана, BAQ.KZ. Қарағанды облысының Осакаров кентінде желтоқсанда 4 жаңа көпқабатты үйлер қолданысқа беріледі. Ол жайлы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Осакаров ауданының әкімі Нүркен Қобжанов мәлімдеді.

«Нұрлы жер» бағдарламасының шеңберінде ауданда жыл басынан бері қолданысқа 7600 шаршы метр баспана берілді. Осакаров кентінде төрт 18 пәтерлі үйдің құрылысы аяқталғалы жатыр. Жалпы құны – 460 млн теңге, жәнеде абаттандыруға 84 млн теңге қарастырылған. Бұл төрт үйді біз 1 желтоқсанға дейін тапсырамыз деп жоспарлап отырмыз, - деді аудан әкімі.

Нұркен Қобжановтың айтуынша, тұрғын құрылысы жалғасын табады. Жалпы сомасы 41 млн теңгені құрайтын Осакаровкада тағы 12 үйдің және Молодежный кентінде 7 үйдің құрылысына арналған жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатыр.

«Адамдардың өміріне қажетті жайлылық бірінші кезекте баспананың, қауіпсіз және әсем ауланың, сапалы инфрақұрылымы болумен байланысты. Біз осының барлығына қол жеткізу үшін қолымыздан келгенін жасаудамыз», - деп атап өтті Нүркен Қобжанов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер