BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қарағанды облысында 2020 жылға қарай екі мыңнан астам жалдамалы пәтер салынады

Қарағанды облысында 2020 жылға қарай сатып алу құқығысыз 2417 жалдамалы пәтер салынады. Бұл туралы облыс әкімдігінің аппарат отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінде Қарағанды облысы «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында құрылыс қарқыны мен көлемі жағынан Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан кейін үшінші орында тұр. Биылғы жылы облыстық және жергілікті бюджет есебінен Теміртау қаласында 90 пәтер, Осакаров ауданында республикалық бюджет есебінен 72 пәтер, Қарағанды мен Шахтинскте 60 пәтерден бой көтереді.

Жалпы, 2020 жылға қарай облыста сатып алу құқығысыз барлығы 2417 жалдамалы пәтер салынады.

Сонымен қатар, Қарағандыда тозығы жеткен үйлер қайта қалпына келтіріледі. Қазір Ермеков көшесіндегі екі 10 пәтерлі ескі үйлерді жөндеу бойынша келіссөздер жүргізілуде. Олардың орнына жаңа жеті қабатты үйлер салып, ескі үйдегі тұрғындарды сонда көшіру жоспарланған.

Бұдан басқа, Ленинградская 31 және Қазақстан 32 мекенжайлары бойынша үйлерді қалыпқа келтіру жұмыстары басталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер