BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елiмiзде бiрыңғай сәулеттiк стильдегi жеке тұрғын үйлер салына бастады

Фото: dep-kadrov.mid.gov.kz

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберiнде 4 облыс орталығында бірыңғай сәулеттік стильде жеке тұрғын үй құрылысының пилоттық жобасы iске асырыла бастады. Осы бойынша көлемi 136,9 мың шаршы метр 1193 үй салу жоспарланған. Бұл туралы Үкiмет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрi Жеңiс Қасымбек айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Министрдiң айтуынша, «Нұрлы жер» бағдарламасы биылғы жылы iске асырыла бастады. Ол халық үшін тұрғын үйдің қолжетiмдiлiгiн арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған. Бағдарлама бес бағытты іске асыруға негізделген. Олар: халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй салу; жеке тұрғын үй құрылысын дамыту; тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы өткізілетін кредиттік тұрғын үй салу; жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру; ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру.

«Бағдарламаның «Жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды қолдау» бағыты туралы айтатын болсақ, биыл жеке тұрғын үй құрылысы үшін 60 мың жер учаскесін желілермен қамтамасыз ету жоспарланған. Маңғыстау (15759 учаске) және Ақтөбе (11732 учаске) облыстарының әкімдіктері тиісті желілері бар жер учаскелерімен ең көп қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Жарты жылдықтың қорытындысы бойынша, жеке тұрғын үй құрылысы үшін 23,5 мың жер учаскесі желілермен қамтамасыз етілген. Павлодар (413 учаске), Қостанай (820 учаске) және Шығыс Қазақстан (854 учаске) облыстарында жер учаскелерімен қамтамасыз етудің көрсеткiшi өте төмен», - дейдi Қасымбек.

Министрдiң айтуынша, жеке тұрғын үй құрылысын желілермен қамтамасыз етуге көзделген қаражаттың сомасы 45,5 млрд. теңгені құрайды.

Сондай-ақ, ведомство басшысы биыл «жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды қолдау» бағыты шеңберінде 4 облыс орталығында бірыңғай сәулеттік стильде жеке тұрғын үй құрылысының пилоттық жобасы iске асырыла бастады дейдi. Осы бойынша көлемi 136,9 мың шаршы метр 1193 үй салу жоспарланған.

Жеңiс Қасымбектiң мәлiметiнше, Ақтөбе облысында – 423 үй (2017 жылы - 194, 2018 жылы - 229); Қостанай облысында - 270 үй (2017 жылы - 100, 2018 жылы - 170); Солтүстік Қазақстан облысында - 200 үй (2017 жылы - 72, 2018 жылы – 128); Жамбыл облысында – 300 үй (2018 жылы) пайдалануға берiлмек.

«Министрлік осындай тұрғын үйлер салу үшін 6 үлгілік жоба әзірледі және қолдану үшін өңірлерге берді», - деп түйiндедi Қасымбек.

Сондай-ақ, биыл әлеуметтiк осал топтар үшiн 3 мыңға жуық пәтер пайдалануға берiлмек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер