BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Былтыр 100 мыңнан астам отбасы баспаналы болды

2017 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 11,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 100 мыңнан астам отбасы баспаналы болды. Бұл туралы Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев министрліктің алқа мәжілісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Елімізде 2017 жылдан бастап «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй саясаты іске асырылып жатыр.

«11,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 100 мыңнан астам отбасы жаңа тұрғын үй алды. Жылдық жоспарға орай жалпы тұрғын үйді іске қосу 111% орындалды. 2016 жылмен салыстырғанда 6,2 пайызға артық. Тұрғын үйді іске қосу бойынша Астана және Алматы қалалары, Маңғыстау және Ақтөбе облыстары алдыңғы қатарда тұр, Алматы облысын қоспағанда еліміздің барлық өңірінде өсім байқалады», - деді ол.

Тұрғын үйді уақытында іске қосу үшін өңірлерде тұрғын үйге қажетті құрылыс инфрақұрылымын жеткізу мақсатында 77,3 млрд теңге мемлекеттік инвестициялар бөлінген.

«Көп пәтерлі және жеке тұрғын үй құрылысына 3,6 мың км желілер тартылды. 70 мыңнан астам жеке тұрғын үйлерге арналған жер учаскелері желілермен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында қаражаттар толық игерілген жоқ», - деді Қайырбек Өскенбаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер